Ұсталған жүк әрі қарай тиісті органға берілді
2025 жылдың 11 шілдеде Жамбыл облысының «Қарасу» автокөлік өткізу пунктінде шекарашылар темекінің ірі партиясын тасымалдау әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 466 мың қорап темекіні Қазақстанға ілеспе құжаттарсыз, тасымалданатын жүкте жасырып әкелуге әрекеттенген.
"Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны 233 млн теңгеден асады. Ұсталған жүк әрі қарай тиісті органға берілді", — делінген ҰҚК хабарламасында.
Бұған дейін ҰҚК маусым айында шекара бұзған 5 мыңнан астам адам ұсталғанын мәлім етті.
Оқи отырыңыз: Дархан Сатыбалды: «Бюджет қаржысына атқарылатын әрбір жұмыс сапалы әрі тұрақты бақылауда болуға тиіс»