Түркістанда ашылған қазақ-корей университеті қай бағытта білім береді

26.09.2025 16:17

Білім орны жастарға әлемдік деңгейде білім алуға мүмкіндік береді

Түркістанда халықаралық жоғары оқу орны ашылды. Woosong деп аталатын қазақ-корей университеті жасанды интеллект технологияларының қыр-сырын үйретеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Мамандар жаңа білім орны цифрлық дәуірде жастарға әлемдік деңгейде білім алуға, бәсекеге қабілетті жаңа буын мамандарын даярлауға мүмкіндік береді дейді. 17 қабатты оқу орнының жалпы аумағы - 15 мың шаршы метр. Мұнда «Жасанды интеллект», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «IT», «Мультимедиа және Web дизайн» мамандықтары бойынша 400 студент білім алып жатыр. Университеттегі дәрістер тек ағылшын тілінде өтеді.  

«Қазақстанда Президенттің тапсырмасымен 40 мықты шетелдік университеттің филиалдары ашылды. Үш негізгі мақсаты бар. Бірінші мақсат - шетелден студенттерді әкелу. Сол арқылы жоғарғы білім сапасын көтеру. Қазіргі таңда 31,5 мың студент келді. Бұл - тарихи рекорд», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Оқи отырыңыз: Алматыда халықаралық Be WOMAN Asia 2025 форумы басталды