Жаңаөзенде шенеуніктер 40 шақты жетім баланы тұрғын үй кезегіне қоймай келген

23.10.2024 15:38

Прокурорлардың ықпалымен олар тұрғын үй кезегіне қойылды

Аlmaty.tv

Жаңаөзен қаласының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім баланың тұрғын үй кезегіне қойылмағаны анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті.

«Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық бала тұрғын үй кезегіне енгізілді», - делінген хабарламада.

Заңдылықтың бұзылуына жол берген ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Оқи отырыңыз: Мемлекет бұзақылықпен және ұйымдасқан қылмыспен ымырасыз күрес жүргізеді – Тоқаев