Жанармай бағасы мен газ тапшылығына қатысты жедел желі ашылды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қоңыраулар тәулік бойы 24/7 форматында қабылданады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Энергетика министрлігі бензин мен дизель отынына қойылған бағалық мораторийдің бұзылуы, сондай-ақ кейбір жанармай құю станцияларындағы сұйытылған мұнай газының (автогаздың) қолжетімділігі бойынша азаматтардың өтініштерін тіркеп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрлік Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңірлік штабтармен бірлесіп, алыпсатарлық пен отынның жасанды тапшылығын туғызуға бағытталған кез келген әрекеттерге қатаң тосқауыл қояды.

"Бензин мен дизель отыны бойынша: министрлік барлық қажетті отын көлемі өңірлердің өтінімдеріне сәйкес жөнелтіліп, мұнай базаларында сақталып тұрғанын атап өтеді. Тапшылыққа себеп болатын объективті факторлар жоқ", - делінген министрліктің хабарламасында.

Сұйытылған мұнай газы бойынша: өндіруші зауыттардың бірінде жүргізілген жоспарлы жөндеу жұмыстары министрлік тарапынан алдын ала ескеріліп, жоғары сұраныс байқалатын өңірлер үшін қосымша көлемдер бөлінді. Сондықтан кейбір газ құю бекеттеріндегі кезектер жүйелі тапшылықпен емес, ішкі бөлу және логистика мәселелерімен байланысты.

"Егер сіз АИ-92 маркалы бензин бағасының негізсіз қымбаттауы немесе АЖҚС-та отынның болмауы сияқты жағдайларға тап болсаңыз, жедел желі телефонына хабарласуыңызды сұраймыз: +77018550248", - делінген хабарламада.

Қоңыраулар тәулік бойы 24/7 форматында қабылданады. Әрбір өтініш мұқият қаралып, расталған жағдайда адал емес нарық қатысушыларына қатысты тиісті шаралар қабылданады.

Оқи отырыңыз: Онлайн таныстық қаншалықты қауіпті: прокуратура ескерту жасады

Новости партнеров