Жарамсыз балабақша: Жамбыл облысында 140 бала басқа мекемеге қатынауға мәжбүр

Мойынқұм ауанындағы балабақша 150 миллион теңгеге салынған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысы Мойынқұм ауанында 150 миллион теңгеге салынған балабақша жарамсыз жағдайда тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.

2012 жыл пайдалануға берілген мемлекеттік нысанның астынан су шығып, едені отырған. Салдарынан 140 бала басқа мекемеге қатынауға мәжбүр. Қазір ғимараттың қоршауын тот басып, сылағы түскен. Күзеті жоқ балабақшаның есік-терезесі де сынған. Десе де аудандық мәслихат депутаттары нысанның оқуға жарап тұрғанын айтуда. Сондықтан тез арада ағымдағы жөндеу жүргізіп пайдалануға беру керек деген талап етуде.

«Жөндеу жұмысын жасап, қалған 80-90 пайызын балаларға пайдалануға берсек. Қыс келе жатыр. Ауылда 2-ақ балабақша бар, сол екеуінің біреуін апатты деп жауып қойды», – деді Мойынқұм аудандық мәслихат депутаты Бекболат Өткелбаев.

Ал Мойынқұм ауданының билігі балабақшаны сүрмейтінін, тағы бір рет сараптама жасау керек екенін айтты. Содан кейін ғана жөндеудің қандай түрі қажет екені белігілі болмақ. Зерделеу қортындысынан соң жобалық құжат әзірлеп, бюджеттен қаржы сұрамақ.

Айта кетейік, қазір аймақтағы 337 мемлекеттік балабақшаның ескірген 71-і жөндеуді қажет етіп тұр.

«Реконструкция жасаймыз ба? Жөндеу жұмыстарын жүргіземіз бе? Оның ақшасы қанша болады, біз айта алмаймыз? Басқа жолын қарастырамыз. Бірінші ұсыныс – оны толық жөндеп, қайтадан облыстық басқармаға беру», – деді Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев.

Оқи отырыңыз: Мектеп асханалары алдын ала ескертусіз тексеріледі

Новости партнеров