Шаһарда эко-науқан аясында 10 мың көшет отырғызылмақ
Алматыда «Жарқын күз» экологиялық науқанына қаладағы барлық жоғарғы оқу орындары мен комьюнити орталықтар қатысып, мегаполис тазалығына елеулі үлес қосып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сенбілікке 35 білім мекемесінің студенттерімен қоса, қоғам белсенділері де атсалысты. Олар көпшілікті қоршаған ортаға қамқор болуға шақырды. Шаһарда эко-науқан аясында 100-ден аса іс-шара ұйымдастырылып, 10 мың көшет отырғызылмақ. Сондай-ақ тұрғындарға қала тазалығын сақтаудың тың әдістері үйретіліп, қоқыс сұрыптаудың маңызы айтылды.
"Науқан көктемде, жазда өтті. Барлығына да қатысып жатырмыз. «Жарқын күз» деп аталатын күзгі мезгілдегі сенбілікте тазалау жұмыстарына қатыспасақ, сөкет болып көрінеді. Алматы – жастығымыздың куәсі, алтын ұямыз", – деді ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет.
Оқи отрыңыз: Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған «Таза ауа» акциясы өтуде