Жас құтқарушылар: Алматыда мектеп оқушылары сала ардагерлерін құттықтады

Қала бойынша 200-ден астам «Жас құтқарушы» үйірмесі жұмыс істейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толады. № 76 мектептің «Жас құтқарушылары» қаладағы өрт сөндіру бөлімдерінің біріне барып, қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде қаза тапқан төтеншеліктердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ескерткішке гүл шоғын қойып, сала ардагерлерін мерекемен құттықтады.

Айта кетейін, іс-шара Республика күніне орайластырылған.

«Қазір зейнетке шықтық. Дегенмен өрт сөндіру, құтқарушылар қызметі, кәсіби қызметімізді еш уақытта ұмытпадық. Әлі де білгенімізді айтып жүрміз», – деді  ТЖД Ардагерлер алқасының төрағасы Гүлшат Дәуренбекова.

Мектеп қабырғасында жалғасын тапқан іс-шарада «Жас құтқарушы» оқу-әдістемелік сыныбы ашылды. Бөлме заманауи жабдықтармен қамтылып, оқушылардың төтенше жағдай кезіндегі әрекетін пысықтауға бағытталған. Мұндай сыныптар Жетісу және Наурызбай аудандарында да  бар. Сондай-ақ қала бойынша 200-ден астам «Жас құтқарушы» үйірмесі жұмыс істейді.

«Сыныпқа заманауи QR кодтар қойылған. QR кодтарды ашқанда видео ақпараттар шығады. Жер сілкінісі кезіндегі, өрт кезіндегі , терезедегі қауіпсіздік және электр сымдарымен ойнамау туралы ақпарат шығады», – деді ТЖД Түрксіб ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Аслан Болатхан.

Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа форматтағы базарлар пайда болады

Новости партнеров