Жас сарбаз: колледж студенттері арасында әскери-патриоттық шеруі өтті

Іс-шараға қатысушылар патриоттық әндер айтып, саптық шеберлігін көрсетті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда колледж студенттері арасында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық шеруі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv

Шеру жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, әскери-патриоттық тәрбиені нығайтуға бағытталды. Іс-шара барысында цифрлық технологиялармен үйлескен жаңа әскери-патриоттық бағыттар ұсынылып, жас сарбаздардың техникалық және қолданбалы даярлық дағдысы пысықталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастама жастарды әскери қызметке дайындау, салауатты өмір салтын насихаттау және әскери клубтардың жұмысын жетілдіру тұрғысынан маңызды қадам болмақ. Іс-шараға қатысушылар патриоттық әндер айтып, саптық шеберлігін көрсетті.

 «Әскери борышты шынайы өтеу үшін шараларды жыл сайын ұйымдастырып тұрамыз. Жасөспірімдер жұмысшы мамандығын игереді. Алматы колледжі ол автомеханик, слесарь, автоэлектрик мамандарын дайындайды», – деді Алматы автомеханикалық колледжінің директоры Темірбек Рахманов.

Оқи отырыңыз: Алматыда мереке күндері қандай іс-шаралар өтеді

Новости партнеров