Қарағанды облысының құқық қорғаушылары алаяқтармен күресудің тың тәсілін ойлап тапты
Қарағанды облысының құқық қорғаушылары алаяқтармен күресудің тың тәсілін ойлап тапты. Олар полиция қызметкерлеріне киберқауіпсіздіктің қыр-сырын оқытпақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Түрлі бағдарламамен жұмыс жасауды үйренуге қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері де жұмылдырылған. Олар 10 күндік оқу курсын тәмәмдағаннан кейін, білімін күнделікті жұмыс барысында шыңдайды.
"Сабақтардың ең қызығы жасанды интелекті пайдалану. Оны қылмыспен күрес барысында пайдасын көрсетіп, жаңа цифрлық бағдарламаларды қосып, үйретіп жатырмыз", – деді Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшысы Санжар Әділов.
Биыл аталған оқу ордасының 70 қызметкері тәжірибесін арттырды. Келер жылы оларды түрлі бағдарламалармен оқыту көзделіп отыр. Бұл – қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған іс-шаралар. Құқық қорғау органдарының өкілдерінің айтуынша, алаяқтарды құрықтау мүмкін болмай жатыр.
"Интернет арқылы қылмыс жасайтын сотталған азаматтар көбейіп барады. Қызметкерлер олармен күреске дайын болуы керек. Сондықтан арнайы курстарды ұйымдастырдық", – деді Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Бекболат Шәкіров.
Айласы көп алаяқтарды ұстау үшін жедел әрекет қажет. Мамандар заманауи технологиялардың тілін жетік меңгермесе, қылмыскерлерді қолға түсіру қиын екенін жасырмады.
Жанбота Бейсембайұлы, Айнұр Бексұлтанқызы, Қарағанды облысы
Оқи отырыңыз: Абай облысында мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші полициядан қашпақ болды