Жиынға 50-ге жуық студент қатысып, заң аясында өз құқығын қорғау қағидаттарымен танысты
Алматыда «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының бастамасымен ұйымдастырылды. Басқосу қалалық Қоғамдық даму басқармасының «Жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғам арасындағы диалогты дамыту» жобасы төңірегінде жүзеге асты. Жиынға 50-ге жуық студент қатысып, заң аясында өз құқығын қорғау қағидаттарымен танысты.
«Білікті заңгерлер, қоғамдық кеңес мүшелері келіп отыр. Оларға заңға шолу жасап, коммуникация құралдарын түсіндіретін боламыз. Сауалнама толтыра отырып, келешекте өтетін семинарларға қатысады. Азаматтық қоғам мен биліктің арасындағы диалогты дамытуға арналған», – деді халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті Жаңыл Әпетова.
Оқи отырыңыз: Заң мен тәртіп: елімізде кибералаяқтық өршіп барады