Жер сілкінісі Қазақстанның үш аумағында сезілді

05.08.2025 19:09

Астана уақытымен 18:44-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

Almaty.tv

 5 тамызда Астана уақытымен 18:44-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 408 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 13.1, магнитудасы MPV 5.9 құрады.

Есептік қарқындылығы Жамбыл және Түркістан облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласының бірнеше елдімекенінде 2 балл деңгейінде сезілген:

Жамбыл облысы: Меркі, Құлан, Сарыкемер, Бауыржан Момышұлы, Аса, Қордай, Қаратау, Төле би ауылдары мен Тараз, Шу қалалары;

Түркістан облысы: Тұрар Рысқұлов (Түлкібас ауданы), Ленгір, Манкент, Сайрам, Ақсукент, Қазығұрт, Сарыағаш, Абай (Келес ауданы), Темірлан (Ордабасы ауданы);

Шымкент қаласы — 2 балл, 279 км қашықтықта.

Қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Оқи отырыңыз: Ешбір студент баспанасыз қалмасын: Алматыда ахуалдық орталық жұмысын бастады