Жетісу облысында бір күнде екі бала суға батып кетті

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Алғашқы оқиға Үштөбе қаласында, екінші оқиға Қожбан ауылында болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

19 маусымда Қаратал ауданының аумағында екі бірдей жазатайым оқиға тіркеліп, салдарынан кәмелетке толмаған екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.   

Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің мәліметнше, алғашқы оқиға Үштөбе қаласының маңында Қаратал өзенінің жағасында болған.

«2018 жылы туған қыз бала ата-анасымен бірге демалып жүрген кезде суға батып кеткен. Оқиға шомылуға рұқсат етілмеген, арнайы белгілер орнатылған, бірақ жабдықталмаған учаскеде болған. Құтқарушыларға хабар сағат 13:30–да келіп түскен. Бала денесін ТЖД қызметкерлері сағат 14:00 шамасында судан алып шыққан», — делінген хабарламада.

Екінші оқиға дәл сол күні Қожбан ауылында тіркелген. 2007 жылы туған жасөспірім абайсызда Қаратал өзеніне құлап, батып кеткен. Жергілікті тұрғындар жасөспірімнің денесін сағат 14:30 шамасында өздері судан алып шыққан.

«Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқан балалардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады және тұрғындарды су қоймалары маңындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады», – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Израиль мен Ираннан тағы 144 отандасымыз эвакуацияланды

Новости партнеров