Жетісу облысында құны 100 млн теңгенің жер телімі қайтарылды

21.06.2025 11:49

Жерге жоғары сұраныс жағдайында Алакөл ауданында жер ресурстары тиімсіз пайдаланған

Аlmaty.tv

Жетісу облысында мемлекет меншігіне 100 миллион теңгеге жер қайтарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жерге жоғары сұраныс жағдайында Алакөл ауданында жер ресурстары тиімсіз пайдаланған.

«Қолданыстағы өкілеттіктерге қарамастан, жергілікті әкімдік уақытша жер пайдалану мерзімдері әлдеқашан өтіп кеткен жерлерді қайтару бойынша шараларын қолданбаған», - деп атап ведомство өкілдері.

Прокурорлар анықтағандай, жалпы көлемі 1655 гектарды құрайтын осындай 14 жер телімі қайтарылуы керек еді.

«Қадағалау актісімен жалпы кадастрлық құны 100 миллион теңгені құрайтын барлық телімдер мемлекеттік жер қорына қайтарылды», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: “Сайран” көлінің жағалауында қоғамдық қауіпсіздік қалай жүзеге асады