Жетісу облысында құны 20 млн теңге болатын мефедрон тәркіленді

Almaty.tv
Almaty.tv

Келіншек «Қарасора» жедел-профилактикалық тексеріс кезінде қолға түскен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысының тұрғынынан 1 келі есірткі тәркіленді. Синтетикалық затты көлігінде сақтаған 34 жастағы келіншек «Қарасора» жедел-профилактикалық тексеріс кезінде қолға түскен, деп хабарлайды Almaty.tv 

Полицияның мәліметінше, Toyota Yaris автокөлігін тексеру барысында машинадан көлемді ақ зат табылған. Сараптама оның мефедрон синтетикалық есірткісі екенін көрсеткен. Тәркіленген тауар 20 миллион теңгеге бағаланды. Бұл қара нарықтағы екі мың дозаға тең.

Айта кетейік, заңға сәйкес, есірткіні сақтағаны, тасымалдағаны үшін азаматты 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

"Факт бойынша сотқа дейінгі  тергеу амалдары басталып,  күдікті уақытша  ұстау изоляторына қамалды. Биыл Жетісу облыстық  Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 500 келіге жуық түрлі есірткі заттарын тәркіледі", – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Жанар Халықова.

Оқи отырыңыз: «Алтыналмас» кен орнында үйінді астында қалған жұмысшының мәйіті табылды

Новости партнеров