Жетісу облысында өзеннен аспалы темір арқан арқылы өтпек болған ер адам суға кетті

12.05.2025 14:40

Іздестіру жұмыстары жалғасуда

Жетісу облысында 36 жастағы ер адам арқан арқылы арғы бетке өтпек болып, суға құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өзенге ағып кеткен азамат арада 2 күн өтсе де, табылған жоқ. Қазір оны іздеуге төтеншеліктерден бөлек, орман шаруашылығы мен жергілікті атқарушы орган өкілдері, сондай-ақ полиция және Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері жұмылдырылған. Ал оқиға болған кезде түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде кең тарап үлгерді. Оны жоғалған азаматтың досы түсірген көрінеді.  

«Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстарына 98 адам, 22 бірлік техника, пилотсыз ұшу аппараты және спутниктік телефондар жұмылдырылған. Қазіргі кезде су ағынының қатты болуына және жер бедерінің қиын болуы іздестіру-құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр. Бүгінгі таңда іздестіру жұмыстары нәтиже бермеді. Іздестіру жұмыстары жалғасуда», – деді ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Қалдыбек Төлеуұлы. 

Оқи отырыңыз: Алматыда банк ғимаратына кіріп, ақша ұрламақ болған адам ұсталды