Жетісу облысында пойыз кісіні басып кетті

07.08.2025 08:15

ҚТЖ азаматтарды өте мұқият болуға және темір жолдардың жанында болу ережелерін сақтауға шақырады

Antoine Beauvillain/ unsplash.com/

Бөгде адамның темір жол бойына кенеттен шыға келуіне байланысты машинист шұғыл тежеуді қолданған. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

"6 тамызда сағат 19:52-де Қарабұлақ — Тентек аралығында машинист бөгде адамның теміржолға кенеттен шыға келуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Қашықтықтың қысқалығынан басудың алдын алу мүмкін болмады, — делінген хабарламада.

ҚТЖ азаматтарды өте мұқият болуға және темір жолдардың жанында болу ережелерін сақтауға шақырады.

"Рұқсат етілмеген жерлерде жолды кесіп өту қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін еске саламыз, — деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Алматыда кафенің шатыры өртенді: ТЖМ өртті қысқа мерзімде ауыздықтады