Жол қауіпсіздігін арттыру және жол ережесінің бұзылуын бақылау мақсатында облыс аумағында дрондармен әуеден патрульдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Облыста жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Биылғы жылдың басынан бері өңірде 86 жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 25 адам қаза тауып, 153 азамат түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43 пайызға жоғары. Апаттардың негізгі бөлігі республикалық маңызы бар «Алматы – Өскемен» және «Алматы – Хоргос» автожолдарында болған. Аталған учаскелер қазіргі таңда аса қауіпті аймақтар ретінде белгіленді.
Жол қауіпсіздігін арттыру және жол ережесінің бұзылуын бақылау мақсатында облыс аумағында дрондармен әуеден патрульдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биылғы алты ай ішінде ұшқышсыз ұшақтар арқылы 59 өрескел құқық бұзушылық, соның ішінде қарсы жолаққа шығу деректері анықталған.
Сонымен қатар апаттардың жиілеуіне әсер ететін тағы бір фактор – мас күйінде көлік жүргізу. Жыл басынан бері облыс жолдарында спирттік ішімдік ішкен күйде көлік басқарған 114 жүргізуші ұсталған.
"Жолдағы тәртіпті сақтау – тек жүргізушілерге емес, бақылаушы органдарға да үлкен жауапкершілік жүктейді. Қазірдің өзінде дрондардың тиімділігі дәлелденіп отыр. Олар қауіпті учаскелердегі ахуалды қадағалап, заңбұзушылықтарды нақты тіркеп келеді", – деді Жетісу облысы Полиция департаментінің өкілі баспасөз мәслихатында.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңірде бірнеше шара қабылданды:
Рейдтік тексерулер мен алдын алу жұмыстары демалыс күндері де жалғасады. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілерге қатысты заң аясында тиісті шаралар қолданылып жатыр.
Оқи отырыңыз: «Жыл мұғалімі» оқушыларды зорлап келген