Жезқазғанда 86 млн теңгенің жер телімі мемлекетке қайтарылды

06.11.2024 16:46

Ол жерлер ұзақ уақыт игерілмеген және мақсатқа сай пайдаланылмаған

Аlmaty.tv

Жезқазған қаласының прокурорлары жалпы ауданы 4 гектарды құрайтын 54 жер телімін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ұлытау облыстық прокуратурасынан хабарлағандай, бұл жерлер ұзақ уақыт игерілмеген және мақсатқа сай пайдаланылмаған.

 "Жер учаскелерінің кадастрлық құны 86,5 млн теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Прокуратураның қадағалау актісіне сәйкес уәкілетті орган жерді мемлекетке қайтарды, кінәлілер жауапқа тартылды.

Айта кетсек, егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысы үшін жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесі мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Оқи отырыңыз: Үкімет басшысы мүгедек жандарды еңбекпен қамту ісін жергілікті әкімдерге міндеттеді