Жол қозғалысын реттеп тұрған полиция қызметкерін көлік қағып кетті

08.11.2025 15:23

Оқиғаның мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр

Аlmaty.tv

Алматы қаласында көше қиылысында жол қозғалысын реттеп тұрған полиция қызметкерін жеңіл көлік қағып кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 7 қараша күні сағат 15:10 шамасында Желтоқсан және Сәтбаев көшелерінің қиылысында болған

– Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Желтоқсан даңғылымен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, Сәтбаев көшесіне солға бұрылғанда қозғалысты реттеп тұрған полиция қызметкерін қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан полицияның аға лейтенанты дене жарақатын алды, - деп хабарлады департаменттен.

Оқиғаның мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз: Павлодарда құрылыс алаңындағы үйінді астынан адам мәйіті табылды