Жол опырылып кеткен: Солтүстік Қазақстан облысында қозғалыс шектелді

09.11.2025 10:49

Жолды 2025 жылғы 11 қарашада сағат 11:00-де ашу жоспарланған

Аlmaty.tv

Солтүстік Қазақстан облысында жолдың опырылып кетуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қатты жауын-шашын мен ауыр жүк көліктерінің қозғалысы салдарынан KZ15-08 Тимирязево – Сарыколь – облыс шекарасы автожолының 0-30 км (Қостанай облысы шек.- Темирязево ауылы) аралығында жол ойылып кетті», - делдінген хабарламада.

Осыған байланысты, 2025 жылғы 9 қараша сағат 11:00-ден бастап жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі үшін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Қостанай қаласынан Тимирязев ауданына қозғалыс келесі республикалық маңызы бар балама(альтернативті) автожолдар арқылы жүзеге асырылады:

  • KAZ03 «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыколь – Костанай (айналма жол) – РФ шекарасы (п/п Қайрақ)» — км 553–768;
  • KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавловск» — км 673–786;
  • KZ15-05 «Волошинка – Сергеевка – Тимирязево» — км 56–119.

Жолды 2025 жылғы 11 қарашада сағат 11:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.  

Оқи отырыңыз: Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болады