Жошы ұлысы - 800 жыл: зерттеушілер шығыс дерекөздерін талқылады

25.09.2024 14:09

Алматыда халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Almaty.tv

Биыл Қазақ хандығының бастауында болған Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл. Айтулы датаға орай Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институты "Шығыс дереккөздеріндегі қазақ мемлекеттілігінің феномені"  атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық кітапханада өткен жиынға отандық жетекші және жас шығыстанушы ғалымдар, тарихшылар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Мақсат – Алтын Орда мен Қазақ хандығының тікелей сабақтастығы және өзара байланысын ғылыми тұрғыдан көрсету.

"Жошы ұлысының 800 жылдығын атап өту мәселесіне атсалысуды ұйғарып, бүгінгі жиынды өткізіп отырмыз. Мақсат – сыртқы әлеммен байланысы, одан кейінгі Жошы ұлысынан тараған Алтын Орда, Қазақ хандығы туралы мәліметтерді жұрт назарына ұсыну және тарихымыздағы ақтаңдақтарды толтыру", – деді Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры Дүкен Мәсімханұлы.

"Шығыс дереккөздері бойынша зерттеу жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін әлемнің түкпір-түкпірінен дереккөздер әкелінді. Оның бәрі  – Алтын Орда, Жошы ұлысының тарихына, тілі мен мәдениетіне байланысты мұралар", – деді Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері Бағдат Дүйсенов.

Оқи отырыңыз: Алматылық ғалымдар генетика және физиология саласындағы озық зерттеуін бөлісті