21 маусымда жерге астрономиялық («жұлдызды») жаз келеді. Бұл – ерекше астрономиялық құбылыс, деп хабарлайды Almaty.tv.
Себебі дәл осы кезде адамдар жердің солтүстік жартышары күнге барынша жақындап, жылдың ең ұзақ күні мен ең қысқа түніне куә болады. Яғни күннің жарқырауы 16 сағат 34 минут 51 секундқа созылады. 21 маусымнан кейін күн қысқарып, түн ұзарады.
Бұл күні не істеуге болмайды?
- Жазғы күн тоқырауы – тек астрономиялық ерекшелігімен ғана емес, сондай-ақ тылсым, табиғаттың күшіне толы мағынасымен де маңызды. Мамандардың айтуынша, бұл – табиғаттың қуаты артатын кезең.
- Ата-бабаларымыз күн тоқырауының күшіне сеніп, бұл күнге қатысты түрлі тыйымдар мен ережелерді ұстанған:
- Ұрысуға, ренжуге және кек сақтауға болмайды – бұл негативті күй жыл бойына созылып кетуі мүмкін.
- Бітпеген істерді кейінге қалдыруға болмайды – олар ұзақ уақыт бойы шешімін таппай тұрып қалуы мүмкін.
- Киім кір немесе жыртық болмауы тиіс – тазалық жаңару мен жарықтың белгісі.
- Табиғатқа зиян келтіру, өсімдіктерді жою, жануарларға қатыгездік көрсету – бұл әрекеттердің қайтарымы ауыр болады.
- Бұл – өткенге өкініп, қазбалауға болмайтын күн. Бұл – қуаныш пен жаңару күні. Сондықтан бұл күні болашаққа қандай бағдар қоятыныңызды анықтап алыңыз.
Бұл күнде не істеу керек?
- Таңды қарсы алыңыз – бұл жан мен рухқа арналған жылдық «қуат көзі».
- Ашық түсті, күн секілді сары түсті киім киіңіз – мұндай түстер қуаныш тартуға көмектеседі.
- Ниетіңізді айқындап, арманыңызды жазыңыз – бұл күні әлем ерекше мұқият тыңдайды.
- Табиғатта серуендеу, таңғы шықпен жуыну, гүл шоғынан тәж өру – жай ғана дәстүр емес, энергияны теңестіру әдісі.
- Үйдің кіреберісіне тиын қойып қойыңыз – бұл молшылыққа жол ашады деген ырым бар.
- Күліңіз – күн тоқырауы жарыққа ұмтылған жандарға ерекше мейірімді.
Дереккөз: El.kz
Оқи отырыңыз: Қазақстандық әйел жиырма жыл бойы құжатсыз жүрген