"Жұмысшы мамандығы – менің таңдауым": Алматыда әр сала мамандары жастармен кездесті

instagram.com/ainurbalaubaeva/
instagram.com/ainurbalaubaeva/

Кітапханада жастарға арналған еңбек тақырыбындағы кездесу ұйымдастырылды

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы А.П.Чехов атындағы қалалық орталық кітапханада «Жұмысшы мамандығы – менің таңдауым» атты әр сала мамандарымен кездесу кеші өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Адал еңбектің абыройын көтеріп, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы орнын айқындауға арналған кешіміз жоғары деңгейде өтті.

Кеш барысында түрлі салада тынымсыз еңбек етіп жүрген кәсіби мамандар өз тәжірибелерін бөлісіп, жастарды еңбекқорлыққа, табандылыққа, кәсіби бағытты дұрыс таңдауға шақырды.

Кештің көркін қыздырып, көңілдің қылын тербеткен еліміздің өнер жұлдыздары – Жұбаныш Жексенұлы мен Бейбітгүл Нұрымғожина көрермендерге әннен шашу шашып, жүректерге шаттық сыйлады.
Сахна төрінде шырқалған әсерлі әндер кештің сәнін келтіріп, зал ішін ерекше көңіл күйге бөледі.

"Мен де жұмысшының баласымын, әкем шопыр болды. Балаңызға «бай бол, дәулетті бол, депутат бол» демес бұрын, «Адам бол» деп айтуды ұмытпаңыздар!" – деді деген эстрада жұлдызы мен әнші Жұбаныш Жексенұлы.

Оқи отырыңыз: Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар саны артты

Новости партнеров