Жүректен жүрекке: Алматыда қайырымдылық кеш өтті

05.11.2025 13:41

Қайырымдылық концертінде мүмкіндігі шектеулі жандар да сахна өнер көрсетті

Алматы төрінде «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Мүмкіндігі шектеулі болса да, рухы биік жандар ұйымдастырған бұл ерекше іс-шарада эстрада жұлдыздары мейірімге толы әндерін тарту етті. Кеш барысында Рамазан Стамғазы, Саят Медеуов, Шахизада секілді белгілі өнерпаздар жүрекке жеткен әндерімен көрерменнің ықыласына бөленсе, скрипка шебері Жәмилә Серкебаева әсерлі әуенімен залды тербетті. Қайырымдылық концертінде мүмкіндігі шектеулі жандар да сахна төріне шығып, өнерін паш етті. Ұйымдастырушылар мұндай жобалардың маңызы зор дейді.

«Концертті 25 жылдан бері ұйымдастырып келеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандар жұлдыздармен, әншілермен бір сахнада өнер көрсетеді. «Мейірімді болыңыздаршы» дегім келеді. Себебі кім біледі оларды қандай жағдай күтіп тұрғанын. Бүгін саумыз, ертең бір Алла біледі», – деді  «Жүректен жүрекке» жобасының директоры Ұлан Мұсаев.

«Қайырымдылық концертті ұйымдастырушылар шақырса, келемін. Қайырымдылық концерт балалар үйінде, қарттар үйінде өткізіп тқрамыз», – деді әнші Сейфуллин Жолбарыс.

Оқи отырыңыз: Атыраудан Оралға ұшатын рейс тоқтатылды