Мұндай оқиғалар ай сайын тіркеліп жатыр
Елімізде бес айдың ішінде 23 бала қайғылы жағдайлардан көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
"Жыл басынан бері 23 бала қайтыс болды. 12-сі өрттен қаза тапты, 11-і суға кеткен. Мұндай оқиғалар ай сайын тіркеліп жатыр. Жаз басталды. Балалар лагерьге барады", – деді Кеген Тұрсынбаев Сенат кулуарында.
Оның айтуынша, министрлік төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды күшейтеді.
Оқи отырыңыз: БҚО-дағы 5 баланың өлімі: ТЖМ қандай тың ақпарат айтты