Жыл басынан қызметінен қуылған полицейлердің саны белгілі болды

Depositphotos
Depositphotos

Бұл шаралар еліміздегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ полиция қызметінің беделін арттыруға бағытталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан бері теріс себептермен 80-нен астам полицей қызметінен шығарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"2025 жылдың 9 айында құқық қорғау органы қызметкерлерінің әдеп кодексі талаптары мен қызметтік тәртіпті бұзғаны, құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны және басқа да жағдайлар үшін ІІМ және оның өңірлік полиция бөліністерімен тәртіптік комиссия отырыстары өткізіліп, соның шешімі бойынша көптеген қызметкер әртүрлі деңгейдегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 82 қызметкер теріс себептер бойынша Ішкі істер органынан шығарылды", — делінген министрліктің жауабында.

Осы орайда Ішкі істер министрлігі өз қызметін «Заң мен Тәртіп» қағидаттарына негіздей отырып, азаматтардың сенімін ақтайтын, әділдік пен адалдықты ту еткен жаңа форматтағы кәсіби жүйені қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келе жатқаны атап өтілді.

"Бұл шаралар еліміздегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ полиция қызметінің беделін арттыруға бағытталған", — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Қытайдың iFLYTEK компаниясының ТМД бойынша бас директорымен кездесті

 

Новости партнеров