Жыл соңына дейін ел бойынша 43 базар жаңартылады

29.09.2025 19:07

рнұр Жәутікбаев 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңғырту жұмыстарын аяқтамаған базар иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын жеткізді

Жыл соңына дейін ел бойынша 43 базар жаңартылады. Бұл туралы Сауда комитеті төрағасының орынбасары айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ернұр Жәутікбаевтің сөзінше, биыл 100 сауда орны жаңғыртылуы тиіс. Оның  ішінде 57 базарда құрылыс толық аяқталған. Ал қалғанында жұмыс әлі жүріп жатыр. Соңғы 4 жылда 156 базар қайта жабдықталған. Министрлік 2029 жылға қарай заманауи сауда форматының үлесін 70 пайызға жеткізбек. Қазір бұл көрсеткіш 41 процентті құрайды. Ернұр Жәутікбаев 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңғырту жұмыстарын аяқтамаған базар иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. Сондай-ақ базарларға қойылатын талап та күшейтілген.

«Ішкі сауда және сауда базарлары қызметінің ережелері жетілдірілді. Жаңа редакцияда стандарттар мен нормаларды сақтау міндеттілігін, базар регламенттерін бекіту тәртібін, әкімшілікке қойылатын талаптарды және жалдау шараларын жасаудың бірыңғай тәртібі бекітілді. Заңнаманың сақталуына және әкімшілік ықпал ету шараларына бақылау күшейтілді. Тәуекелдерді бағалау критерийлері мен тексеру парақтарына қайта қаралды. Базарларға 11 жаңа талап қосылды. Бұл тексерулердің тиімділігін арттырады», – деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев.

Оқи отырыңыз: Neo Milk: Алматы облысында ешкі және бие сүтін өңдейтін зауыт ашылды