Жыл соңына дейін жанар-жағармай бағасы өсе ме

18.06.2025 12:50

Баға ішкі сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады

engin akyurt/unsplash.com/

 Жыл соңына дейін жанар-жағармай бағасы қаншалықты өседі. Бұл сұраққа Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Бұл нарық болғаннан кейін, оның құнына қатысты нақты айта алмаймын. Отын құны өседі деген бағдарлама жоқ. Баға ішкі сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады", — деді А. Ақкенженов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол биылғы ақпан айынан бастап бензин мен дизель отынына мемлекеттік реттеу алынып тасталғанын еске салды.

"Сондықтан қазір баға ішкі сұраныспен және тұтыну көлемі арқылы айқындалып жатыр", — деді министр.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі медицина қызметкерлерін марапаттады