Жылан жылы сән әлемінде қандай өзгеріс болады

Келер жылдың түсі қоңыр түс болып бекітілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Келер жылы сән әлемі жаңа тенденциялар мен қызықты өзгерістерге толы болмақ. Киім үлгілерін дайындауда органикалық мақта, қайта өңделген синтетикалық маталар және табиғи талшықтар көптеп қолданылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Минимализм, шоколадты түс, табиғи материал. Бұл – келер жылдың сән әлеміндегі басты жаңалықтар. Органикалық мақта, қайта өңделген синтетикалық маталар және табиғи талшықтар қолданысқа ие болып, сұраныс тудырмақ. Сондай-ақ соңғы жылдардағы трендтер де өз жалғасын табады.

"Ең сәнді, трендтегі, дүние - ыңғайлылылық. Бізөкше киіп, жүре алмай  жүретін болсаң, сәнде емес. Көпқабатты образ, бір жағынан ыңғайлы, екінші жағынан сәнді. Жүн сөмкелер ерекше сәнге енді", – деді стилист Бұлбұл Қалқанбаева.

Мамандардың айтуынша, өткен ғасырдағы кей үрдістер жаңа тұрғыдан көрініс таппақ. Ретро және винтаж үлгісіндегі киімдер трендте болып, минималистік стиль қайта жаңғырмақ.

"Біз 70-80-жылдардағы ымыз киген винтажға қайта оралып жатырмыз. Сондықтан да клеш шалбарды қыздар қуана кисе болады. Ол 2025 жылы ерекше сәнне айналады", – деді Бұлбұл Қалқанбаева.

Келер жылдың түсі қоңыр реңкті түс болып бекітілді. Дей тұрғанмен, стилист мамандар сәндегі түстердің соңынан жүгірмей, әр адамға өзінің көркін ашатын бояуларды тауып, соның айналасында таңдау жасауға кеңес береді. Сұранысқа ие болған оверсайз, экологиялық стиль, ашық түстер палитрасы да сәннен шықпайды.

"Жылан, леопард сәннен қалып көрмеген. Қоғамда қандай жаңалықтар болады сән соны бірден қағып алады. Геосаяси жағдайлар болған кезде, әскери қалтасы бар карго шалбар киіп кеттік. Сондықтан 2025-те қоғамдағы жаңалыққа байланыстысән де өзгереді", – деді стилист Бұлбұл Қалқанбаева.

Дәстүрлі ою-өрнектер және ұлттық нақыштар да трендтен түспейді. Сондай-ақ стилистер түрлі аксессуарлармен образды түрлендіріп, батыл тәжірибелер жасап көруді ұсынады. Жылдың сән әлеміндегі басты жаңалықтары осындай болғанымен, бастысы — өзіңізге ұнайтын және жайлы киімді таңдау екенін есте ұстаған жөн.

Әйкерім Пернебек, Жансая Олжабек, Хангелді Ахметханов

Оқи отырыңыз: 

 

 

 

Новости партнеров