Жылқыңды сатып беремін: Ақмола облысында ер адам алаяққа алданып қалды

15.01.2025 10:13

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады

Jeremy Bishop/ unsplash.com

Ақмола облысының тұрғыны бейтаныс адамға сеніп, жылқылары мен ақшасынан айырылып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

11 қаңтарда Степногорск қаласының полиция басқармасына ауыл тұрғынынан алаяқтық дерегі бойынша шағым түсті.

Өтініш иесінің айтуынша, былтыр қыркүйекте олардың ауылына өзін жылқы сатып алушы ретінде таныстырған бейтаныс ер адам келген.

"Ауыл тұрғыны оған жеті жылқысын сатып, екі жылқының ақысын кейінірек төлеуге келісім берген. Алайда белгіленген мерзімде сатып алушы уәдесін орындамай, із-түзсіз жоғалып, байланысқа шықпай қалған. Зардап шеккен адамға келтірілген шығын көлемі - 2 млн 240 мың теңге. Бұл дерекке байланысты соталды тергеу басталды", - деді полиция.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Қазір оған қатысты қосымша тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды және бейтаныс адамдарға сенім артпауды қатаң түрде ескертеді.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында ірі жол апаты болды: 18 көлік соқтығысқан