Жылыту маусымы: төтеншеліктер қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

02.10.2024 21:27

Түрксіб ауданындағы тұрғын үйлерге улы газды бірден анықтайтын құралдар орнатты

Алматыда жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр. Түрксіб аудандық төтенше жағдайлар басқармасы халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек қолын созу мақсатында үйлерге отын түсіріп, мұржаларын тазалап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ улы газды бірден анықтайтын құралдар орнатып, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Төтеншеліктердің сөзінше, мұндай құрылғылар жазатайым оқиғалардың алдын алады.

"Түрксіб ауданы бойынша әкімшіліктен 14 жағдайы төмен отбасының тізімін берген. 108 үй қатты отынмен жанады.  Сол үйлерге құрылғы құрып жатырмыз", – деді Түрксіб ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Бейбіт Рақымжанов. 

"Баум тоғайындағы ескірген, кәрі ағаштарды құры тастамаймыз. Көмек қажет адамдарға береміз", – деді   «Медеу» өңірлік паркінің инспекторы Жасұлан Құсайынов.

Оқи отырыңыз: