Зиялы қауым өкілдері: Жаңа Конституция – елдің болашағына бастайтын маңызды жол

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Смағұл Елубай мен Ақан Бижанов жаңа Конституция жайында пікір білдірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жаңа Ата Заң – халқымызды ұлттық мақсатымен табыстыратын маңызды жол». Жаңа Конституция жайында зиялы қауым өкілдері осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазақстанның халық жазушысы Смағұл Елубайдың айтуынша, бүгін – қазақ халқы үшін ерекше күн. Өйткені бұл таңдауды өзіміз жасап, болашағымызды айқындадық. Сондықтан да бұл дата тарихта алтын әріппен жазылмақ.

«Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", "Тәукенің төте жолы" деген бар. Яғни, халқымыз "Конституция" ұғымын, негізгі заңды не үшін "жол" деп атаған? Өйткені жол бізді не адастырады, не өзіміздің ұлттық мақсатымызға табыстырады. Демек, сол жолды таңдай білу – аса маңызды», – деді Қазақстанның халық жазушысы Смағұл Елубай.

Ал Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижановтың айтуынша, жаңа Ата Заң – халықтық Конституция. Себебі қазақ елі жалпыхалықтық дауыс беру барысында ортақ таңдауды бірге жасады. Оның пікірінше, бұл – елдің жарқын болашағы мен кемел келешегінің кепілі.

«Біздің Конституция – халықтық Конституция деп айтамыз. Неге десеңіздер, бұл Конституцияны біз халықтық референдумда қабылдадық. Барлығымыз халық болып, ел болып, сол референдумға тікелей қатыстық. Екіншіден, Конституцияның әрбір тармағы адамның өміріне, мемлекетіміздің келешегіне, еліміздің дамуына арналған», – деді Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижанов.

Оқи отырыңыз: Ғылым мен білім жаңа Конституцияның стратегиялық басымдығына айналды