Бұл туралы Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты
Астана маңындағы Жібек жолы ауылында өз отбасын өлтірген күдікті бұрын сотталған. Бұл туралы Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сөзінше, жантүршігерлік оқиғаға байланысты адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс тіркелген. Күдікті ұсталып, сот шешімімен екі айға қамауға алынған. Қазір оқиға орнында тәулік бойы тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр.
Еске сала кетейік, 3 күн бұрын Жібек жолы ауылының тұрғыны өз отбасын жауыздықпен өлтіріп, денелерін бөлшектеп, жан-жаққа көміп тастаған.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл – аса ауыр санаттағы қылмыс, яғни адам өлтіру дерегі. Күдікті бұрын сотталған. Ол сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиға орнына тергеу тобы жіберілді», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.
Оқи отырыңыз: Жалған сертификат: Түркістан облысында заңсыз сауданың жолы кесілді