Жалған студенттердің атына банктік шоттар ашылып, сол шоттарға стипендия төлемдердері аударылған
БҚО-да колледж директоры жалған студенттерге стипендия рәсімдеп, 49 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаржы мониторингі агенттігінің ақпарынша, «Батыс Қазақстан индустриалдық колледжінің» директоры оқуға мүлдем қатыспаған 54 адамды студент ретінде тіркеп, оларды белсенді білім алушы ретінде көрсеткен. Тіпті оларға баға қойып, стипендия да төлеген. Соның нәтижесінде 49 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденгені анықталды.
«Жалған студенттердің атына банктік шоттар ашылып, сол шоттарға стипендия төлемдердері аударылған. Банктік карталар директорға немесе оның нұсқауымен өзге тұлғаларға қолма-қол ақша алу және қаражатты әрі қарай пайдалану үшін тапсырылып отырған. Нәтижесінде колледж директоры 49 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген. Оған қатысты бұлтартпау түріндегі үйқамақ шарасы қолданылды. Сот санкциясымен оның пәтеріне тыйым салынды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.
Оқи отырыңыз: Ақмола облысында робот-сауыншылар жұмыс істей бастады