Бала қатты қорқып, абдырап қалған
Щучинск қаласында жүргізуші жол жиегінен жалғыз кетіп бара жатқан төрт жасар баланы байқап қалған, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Sinegor.kz жазуынша, оқиға 4 қаңтарда түске таяу болған. Ер адам Қотыркөл ауылына апаратын айналма жол маңында қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция экипажына жүгінген.
Бала қатты қорқып, абдырап қалған. Полицейлер оны тыныштандыра алғанымен, ол өзі туралы аз ғана мәлімет айта алды: тек есімін атап, анасының жұмыста екенін, ал әкесінің ұйықтап жатқанын айтқан.
Оқи отырыңыз: Шымкентте сарбаз өлімі тіркелді: Ұлттық ұлан мәлімдеме жасады