Мегаполисте жол қозғалысы ережелерінің сақталуы жіті бақылауға алынды
Алматыда өткен тәулікте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында 1 864 жол ережесін бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалық прокуратурадан хабарлағандай, оның 169-ы - жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел заңбұзушылықтар.
Атап айтқанда, 5 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған. 4 көлік жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген.
Сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағына шығудың 8, маневр жасау қағидаларын бұзудың 74 фактісі тіркелді. Оның ішінде қауіпті маневр жасау, яғни «шашки» ойнау да бар.
Бұдан бөлек, қауіпсіздік белдігін тақпаған 52 жүргізуші және көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған 16 адам анықталды.
Жол қозғалысы ережесін бұзған 11 көлік арнайы тұраққа қойылды.
Оқи отырыңыз: Алматыда 7-13 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады