Жол қозғалысы: Алматыда өткен тәуліктегі бақылау нәтижесі жарияланды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

 Бір тәулікте 2,2 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен тәулікте 2 266 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның ішінде адам өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 180 өрескел құқықбұзушылық анықталған.

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, ең көп тіркелген заңбұзушылықтардың қатарында маневр жасау қағидаларын бұзу, соның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») бар. Мұндай 73 жағдай анықталған.

Сонымен қатар:

  • 12 жүргізуші көлікті масаң күйде басқарған;
  • 2 көлік жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен басқарылған;
  • 50 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған;
  • 10 жағдайда қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу фактісі тіркелген;
  • 29 жүргізуші көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған.

Бұдан бөлек, құқықбұзушылықтарға байланысты 33 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.

Құзырлы органдар жол қозғалысы ережелерін сақтау жүргізушілердің ғана емес, барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін маңызды екенін ескертеді.

Оқи отырыңыз: 28 тамызға арналған валюта бағамы