Жол жөндеуге бөлінген: Павлодар облысында 45 млн теңге жымқырғандар анықталды

18.11.2026 14:17

Тергеуді Павлодар облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті жүргізуд

Аlmaty.tv

Успен ауданының прокуратурасы автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде заңдылықтың сақталуына жүргізген тексеру барысында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, атап айтқанда, Успен ауылдық округі әкімінің аппараты жөнделмеген ауылішілік жол учаскесі үшін «МКК-Элит Строй» ЖШС-не заңсыз түрде 45 млн теңге аударған.

Аталған факті бойынша прокуратура әкімдік пен мердігер ұйымның лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тергеуді Павлодар облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Корея Республикасының елшісімен кездесті

Толық көрсету