Жол жүру ережесі: үш күнде 40 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

28.01.2026 11:47

ІІМ "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады

Аlmaty.tv

ҚР ІІМ "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігімен жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өткізілген “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды.

"Іс-шараның үш күнінде жолда жүру қағидаларын бұзудың 40 мыңнан астам дерегі анықталды. 

Оның ішінде көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарудың — 313 дерегі, қарсы бағытқа шығудың — 175, міндетті сақтандыру талаптарын бұзудың 1 965 дерегі тіркелді", - делінген ІІМ хабарламасында.

Сондай-ақ техникалық байқаудан өтпеудің — 2 147 дерегі, көлік басқару кезінде телефон пайдаланудың — 2 698 фактісі, маневр жасау қағидаларын бұзудың — 3 146 дерегі тіркелсе, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың 455 дерегі анықталды.

Өткізілген шара нәтижелері жолда жүру қағидаларын бұзудың салдары жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер етіп, жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін көрсетті.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды жол жолда жүру қағидаларын қатаң сақтауға, жолда өзара сыйластық танытуға және қауіпсіздік әрбір адамның жеке жауапкершілігі екенін ұмытпауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Алматыда кітапханалар желісі кеңейіп, тәулік бойы қызмет көрсететін нысандар көбейеді