Алматыда орнатылған камералар тек жылдамдықты тіркемейді. Бұдан бұлай құрылғы жүргізушінің қауіпсіздік белдігін таққаны мен рөлде ұялы телефон қолданған-қолданбағанын бақылайды. Заңнама бойынша бұл құқықбұзушылықты полиция қызметкерлері тіркесе, 12 наурыздан бастап оны жүйе автоматты түрде анықтайды. Ол мемлекеттік дерекқормен біріктірілген. Азаматтың техникалық байқаудан уақытында өтпеуі, сақтандырудың болмауы сияқты өзге де заңбұзушылық бірден айқындалады.
Жаңа ережелермен «Алматы» телеарнасының студия қонағы Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек таныстырады.
– Салтанат ханым, айта кетіңізші, қандай камералар жаңартылды және олардың саны қанша?
«Алматы қаласының полициясы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 180 мың бейнекамераның көмегіне жүгінуде. Бұл –автоматтандырылған түрде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін бейнекамералар. Олар толығымен жаңартылды, жаңа функция іске қосылды».
– Бұл камералар телефон қолдануды немесе белдік тақпау фактісін қалай анықтайды? Жасанды интеллект қолданыла ма?
«Автоматтандырылған жүйенің жалпы функциясы жаңартылды дедік. Оған жаңа мүмкіндіктер тоғытылды. Жасанды интеллект толығымен жойылды. Бұл функция бейнекамералар операторлардың көмегімен жаңашылдықты пайдалана отырып, жаңа бағытта жұмыс істейді. Белдікті тақпау, телефонды қолдану деректерін айқындап ғана қоймай, басқа да өрескел жол жүру ережесін бұзу деректерін анықтайды».
– Жүйе жеке деректердің қорғалуын қамтамасыз ете ме? Жалпы, автоматты ескерту мен айыппұлдың айырмашылығы қандай?
«Алматы қаласы ең ірі мегаполис болғандықтан, автоматтандырылған жүйелердің жүзеге асырылуы жаңашылдық емес. Бұл жүйелер қалпында қалды. Тек оған техникалық мүмкіндіктер енгізілді. Сондықтан да, баяғысынша деректер ҚР заңнамасы аясында заңмен қорғалады. Әрине, айыппұлдарды жол жүру ережелерін бұзу деректерін полиция қызметкерлері өз бетінше анықтаған сәттер жеңілдетіледі. Өйткені, бұл жол жүру ережесін бұзу деректері автоматтандырылған бейнекамералардың көмегімен айқындалатын болады».
– Бұл өзгерістерді енгізу жол-көлік оқиғаларының азаюына септігін тигізеді деп айта аламыз ба?
«Әрине. Алматы қаласының көшелерінде күнделікті 1,5 миллионға жуық автокөліктер жүріп өтеді. Оның ішінде басқа өңірлерден келген көліктер де бар. Әрине, жол ахуалы күрделі десек болады. Сондықтан да жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, жол-көлік оқиғаларын азайтуға септігі орасан зор. Осы тәжірбиені тілге тиек ете отырып, оны алға тартып, осы жаңашылдықтарды енгізу кезінде заң актілеріне жаңа деректерді енгізу кезінде міндетті түрде бұл деректер есепке алынған».
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жеке детективтер пайда болуы мүмкін