Жолдағы тәртіп бақылауда: Алматыда екі күндік рейд қорытындысы жарияланды
Аlmaty.tv
Екі күн ішінде жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 3,3 мыңнан астам дерегі анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2026 жылғы 3-4 тамыз күндері Алматы қаласының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген іс-шаралар барысында Жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 3 341 дерегі анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Алматы қаласы прокуратурасының дерегінше, заңбұзушылықтар ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 190 өрескел құқықбұзушылық тіркелді.
Анықталған құқық бұзушылықтардың арасында:
- көлік құралын мас күйінде басқару – 14 дерек;
- көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік басқаруы – 3 дерек;
- маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 158 дерек;
- жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын пайдалану және басқару – 2 дерек;
- қауіпсіздік белдігін тақпау – 115 дерек;
- қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу – 13 дерек;
- көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 89 дерек.
Бұдан бөлек, 122 көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылды.
Оқи отырыңыз: Президент«Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13