Талғар шатқалында туристің үстіне тас құлады

Жедел түсірілім
Жедел түсірілім

Қазір ол қаладағы ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысындағы Талғар шатқалында туристің үстіне тас құлады. Абырой болғанда, зардап шеккен азамат аман қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Ресми мәліметке сәйкес, төтенше жағдай туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына Алматы қаласы Мониторинг орталығының құтқарушылары мен «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы шұғыл аттанған. Олар жеткен сәтте туристтің жағдайы ауыр деп бағаланып, бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіліпті. Кейін құтқарушылар саяхатшыны Шымбұлақ тау курортына дейін эвакуациялап, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне табыстаған. Қазір турист қаладағы ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқи отырыңыз: Жолдағы тәртіп бақылауда: Алматыда екі күндік рейд қорытындысы жарияланды