Жұлдыз Сүлейменова мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына арналған кеңес өткізді

Almaty.tv
Almaty.tv

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлерге жұмыстардың мерзімі мен сапасын бақылауды күшейтілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова барлық өңірдің білім басқармаларының басшыларымен жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Басты назар білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығына аударылды. Жаңа мектептер құрылысының барысы, жөндеу жұмыстары және қолданыстағы білім беру ұйымдарының оқушыларды қабылдауға дайындығы қаралды. 

Білім басқармаларының басшылары өңірлердегі құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барысы, нысандардың дайындығы және шешуді қажет ететін мәселелер туралы баяндады.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлерге жұмыстардың мерзімі мен сапасын бақылауды күшейтіп, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына толық дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда алғаш рет сауда орталығында кітап беру пункті ашылды