Наталья Бочарова Ұйым жұмысының басым бағыттары туралы ақпарат берді
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Халықаралық орыс тілі ұйымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен құрылып, ТМД аясында қызмет етеді.
Оның қызметі қатысушы мемлекеттер арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, өзара түсіністікті арттыруға және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Наталья Бочарова Ұйым жұмысының басым бағыттары туралы ақпарат берді. Тараптар білім беру саласындағы өзара іс-қимыл, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысын қабылдады