Жұмыс істемейтін әкелердің декреттік демалысы зейнетақы тағайындау кезінде есепке алынады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Тиісті нақтылаулар Әлеуметтік кодекске енгізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде жұмыс істемейтін әкелердің декреттік демалысы зейнетақы тағайындау кезінде есепке алынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәжілістен хабарланғандай, қабылданған заң аясында кәмелет жасына толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыт енді жұмыс істемейтін әкелердің жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептелетін болады.

Тиісті нақтылаулар Конституциялық соттың нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында Әлеуметтік кодекске енгізіледі.

"Сонымен қатар депутаттардың ұсынысы бойынша жұмыс берушінің бастамасымен жалғызбасты ата-аналарға (жынысына қарамастан) қатысты еңбек шартын бұзуға тыйым салынады. Осыған байланысты «жалғызбасты аналар» ұғымы «жалғызбасты ата-ана» деп өзгертіледі", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, мәслихаттардың құзыреті типтік ережелер негізінде «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша толықтырылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қызметкерлердің еңбек құқығын қорғау күшейтілмек

Новости партнеров