Зейнетақы алатын азаматтар жұмыс іздеу үшін қайда жүгіне алады

18.11.2026 17:41

Жұмыссыз мәртебесі болмаса да, жұмыс табуға көмек алуға болады

Аlmaty.tv

Қазақстанда жұмыссыз ретінде тіркелмеген азаматтар да жұмыс табуға көмек ала алады. Бұл ретте жұмыссыз және жұмыс іздеуші ретінде тіркелу екі бөлек ұғым саналады, деп хабарлайды Almaty.tv Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, жұмыссыз мәртебесі, негізінен, тұрақты жұмысы мен табысы жоқ азаматтарға беріледі. Ал тұрақты төлем алып отырған кейбір азаматтар жұмыссыз ретінде емес, жұмыс іздеуші ретінде тіркеле алады.

Олардың қатарында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алатын азаматтар мен арнайы әлеуметтік төлем алушылар бар.

Дегенмен тіркелу мәртебесіндегі айырмашылық олардың жұмыс іздеу құқығын шектемейді. Бұл азаматтар да Мансап орталықтарына жүгініп, бос жұмыс орындары туралы ақпарат ала алады. Сондай-ақ біліктілігі мен тәжірибесіне сай жұмыс табуға көмек көрсетіледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда жастарға тегін психологиялық және құқықтық кеңес беріледі

Толық көрсету