Жыл волонтері – 2025: Астанада халықаралық сыйлықтың жеңімпаздары анықталды

19.11.2025 16:57

Байқауға 15 номинация бойынша 46 үміткер жеңімпаз атанды

Мәдениет және ақпарат министрінің баспасөз қызметі

Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының биылғы жеңімпаздарын анықтау бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Байқауға 15 номинация бойынша 118 өтінім қабылданып, олардың ішінен 46 үміткер жеңімпаз атанды.

Салтанатты марапаттау рәсімі 5 желтоқсанда Астанада Халықаралық волонтёрлер күні мен Халықаралық волонтерлер жылының басталуына орай өтеді.

2025 жылғы «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы лауреаттарының тізімі