Токио-2020: Софья Берульцева мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты

Olympic.kz
Olympic.kz
Топтық кезеңдегі алғашқы қарсыласы үш дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемионатының екі дүркін жүлдегері түркиялық Мельтем Ходжаоглу болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Софья Берульцева Токио Олимпиадасындағы жеңісті жолын жалғастыруда. Ол үшінші кездесуден соң  мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасында 61 келіден жоғары салмақта сынға түсіп жатқан ол екінші кездесуінде Еуропа ойындарының жеңімпазы, Италия спортшысы Сильвия Семерароны 5:1 есебімен ұтты.

Кейін түрік спортшысымен тең түсіп, үшінші жекпе-жекте әзірбайжадық Ирина Зарецкаядан 5:4 есебімен басым түсті. Осылайша, 5 ұпаймен мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды.

Бұл кем дегенде қола жүлде қоржында екенін білдіреді.

Софья Берульцева каратенің кумитэ санаты бойынша А тобында бақ сынауда. Топтық кезеңде оның қарсыластары Мельтем Ходжаоглу (Түркия), Сильвия Семераро (Италия), Ирина Зарецкая (Әзірбайжан) және Аюми Уэкуса (Япония).

Топтық кезеңде үздік атанған екі спортшы жартылай финалға жолдама алады.

Новости партнеров