Боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола медалін алды
Олимпиаданың қола медалін мойнына таққаннан кейін спортшы әсерімен бөлісті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Токиода бокстан 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада ойындараның жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновқа Олимпиада ойындарының қола жүлдесі табысталды. Олимпиаданың қола медалін мойнына таққаннан кейін спортшы әсерімен бөлісті.
«Арманым көк байрағымызды көкке желбірету еді. Сол үшін де бар күшімді салдым. Негізі алтын медаль аламын деп ойладым, бірақ бұйырғаны қола медаль болды. Кішкене өкініш бар, десе де осы жарыс менің ерік-жігерімді қамшылай түсті. Келесі жарыстарда елімнің маған артқан сенімін ақтаймын деген ойдамын», - деді Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33