60 келі салмақта сынға түскен Елдос кіші финалда Нидерланд өкілі Торнике Цакаджоені жеңді
60 келі салмақта сынға түскен Елдос кіші финалда Нидерланд өкілі Торнике Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос «ваззари» ұпайын иеленді. Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін иеленіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv
Токио ойындарында Елдос Сметов алдымен Түркия, кейін Оңтүстік Корея балуанын жеңді. Олимпиаданың жартылай финалында жапониялық спортшы, үш дүркін әлем чемпионы Наохиса Такатоға қосымша уақытта есе жіберді.
«Бақ шаба ма, бап шаба ма? дейді ғой... Бұл Олимпиада ойындарында кімнің бағы жанып тұр, сол қайткен күнде де жеңіске жетеді. Бірақ, менде әттеген-ай деген кез болмайды. Өйткені ақтық айқасқа жолдама үшін мен барымды салдым», – деді Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов.